НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Қазақстанға қарсы террорлық акті ұйымдастырылғаны туралы айғақтар таяуда әлем жұртшылығына ұсынылады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
Президент Қазақстан бейбіт шерушілерге ешқашан күш қолданбағанын және қолданбайтынын атап өтті.
"Кейбір дереккөздер Қазақстан билігі бейбіт демонстранттармен күрес жүргізіп жатыр деп айтып жатыр. Бұл мүлде шындыққа жанаспайды. Жақын арада біз әлем жұртшылығына Қазақстанға қарсы террорлық акті ұйымдастырылғанын дәлелдейтін айғақтар ұсынамыз", - деді ол ҰҚШҰ лидердерінің онлайн саммитінде.
Айтуынша, елдегі бүліктен бейбіт тұрғындар да қаза болған, қазір олардың саны нақтыланып жатыр.
Сондай-ақ күш құрылымдарының 16 қызметкері ажал құшты, 1,3 мыңнан астамы жараланды.
Оқи отырыңыз: