Қоғам

Қазақстанға екі мыңнан астам ҰҚШҰ күштері енгізілді – мемлекет басшысы

Қазақстанда жаппай наразылық 2022 жылдың алғашқы күндері Жаңаөзен мен Ақтау қаласында басталған болатын
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда екі мыңнан аса ҰҚШҰ күштері мен 250 техника кіргізілді, деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Бүгінгі күні Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімімен Қазақстан аумағына алға қойылған міндеттері орындау үшін екі мыңнан астам ҰҚШҰ күштері мен 250 техника кіргізілді. Олар өз жұмысын бастады", - деді Тоқаев ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында.
Қазақстанда жаппай наразылық 2022 жылдың алғашқы күндері Жаңаөзен мен Ақтау қаласында басталған болатын. Кейін басқа қалалардың тұрғындары да наразылық шеруіне шыға бастады.
Алматы қаласында наразылық білдіру акциясы кезінде содырлар ғимараттар мен мемлекеттік мекемелерге шабуыл жасап, арты үлкен бүлікке ұласты. Елде 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай енгізілді.

Оқи отырыңыз: