Оқиға

Алматылық полицейлер лаңкестермен екі түн бойы соғысқан

Алматының құлауы содырларға халық тығыз қоныстанған оңтүстікті, артынша бүкіл елді басып алуға жол ашатын еді, деді Қазақстан президенті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Алматы полициясы департаментінің айналасында содырлармен ұрыс екі түн бойы жалғасқан. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
"Алматы департаментінің маңында ұрыс екі түн бойы жалғасты. Полицейлер террористердің шабуылына тойтарыс берді. Содырлар полицейлерді асқан қатігездікпен ұрып-соғып, екеуінің басын кесіп тастады", - деді Тоқаев ҰҚШҰ лидерлерінің онлайн саммитінде.
Алматының құлауы содырларға халық тығыз қоныстанған оңтүстікті, артынша бүкіл елді басып алуға жол ашатын еді, деді Қазақстан президенті.