Өңірлер

Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының мәйіті табылды

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Таразда Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының мәйіті табылды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлады Қазақстанның ІІМ баспасөз қызметі.
Baigenews порталының хабарлауынша, генерал Жанат Сүлейменов өз-өзіне қол жұмсаған.
Бұған дейін ҰҚК Алматы, Қызылорда, Талдықорған және Тараз қалаларында лаңкестер басып алған барлық әкімшілік нысан босатылғанын, 10 қаңтардағы мәлімет бойынша Қазақстандағы жағдай тұрақталып, бақылауға алынғанын хабарлаған болатын. Террористік қауіп ошақтары залалсыздандырылды, аса маңызды стратегиялық объектілер мен қару-жарақ, оқ-дәрілер сақталатын орындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.
Оқи отырыңыз: Қазақстандағы ахуал тұрақтанды – ҰҚК