Қоғам

COVID-19 жұқтырғандардың саны қарқынды түрде өсіп жатыр

Елордада коронавирус инфекциясы 1442 адамнан табылған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 2 087 науқас тіркелді, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Науқастардың басым бөлігі өткен күндегідей Нұр-Сұлтанда анықталды.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 997 438.