Қоғам

Тәртіпсіздіктен зардап шеккен 83 адамның жағдайы ауыр

719 науқас ауруханада жатыр, деп хабарлады "Хабар 24"
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. Қазақстан бойынша тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен 2 265 адам медициналық көмекке жүгінген.
Ең көбі Алматы қаласында - 1 100 адам. Алматы облысында 300-ге жуық, Жамбыл және Қызылорда облыстарында 200 адамнан зардап шеккен.
719 науқас ауруханада жатыр, деп хабарлады "Хабар 24".
Бұған дейін Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде 4 жастағы қыз көз жұмғаны туралы жазғанбыз. Сондай-ақ Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде 11 жастағы бала оқ тиіп қаза болды. Бұл туралы Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Сайын хабарлады. Тағы бір бала ауруханада ауыр хәлде жатыр.