Қаңтар оқиғасы

Талдықорғанда тәртіпсіздік кезінде 25 жастағы әскери қызметші қайтыс болды

Келісімшарт бойынша қызмет еткен ефрейтор Ғабдолла Смайылханов небары 25 жаста болатын
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. Талдықорғанда тәртіпсіздік кезінде әскери қызметші қайтыс болды.
Келісімшарт бойынша қызмет еткен ефрейтор Ғабдолла Смайылханов небары 25 жаста болатын. 
7 қаңтарда бүлікшілермен қақтығыста қаза болған 7 әскери және полиция қызметкерінің аты-жөні жарияланды.
Тараздық полиция қызметкері капитан Сланбеков Рахат Нұрбайұлы (1988 жылы туған);
Алматы қаласының полиция старшинасы Қамбетов Ринат Талғатұлы (1988 жылы туған);
Алматы полиция бөлімінің аға сержанты Асылханов Әлен Мұхитұлы (1993 жылы туған);
Прапорщик Ержанов Ербол Тілеубекұлы (1976 жылы туған);
Қатардағы жауынгер Қайсаров Мадияр Оразалыұлы (2002 жылы туған);
Қатардағы жауынгер Аманов Айбат Ерболұлы (2003 жылы туған);
Жамбыл облыстық полициясының кіші сержанты Алмасов Нұрболсын Ғаниұлы (1994 жылы туған).
Айта кетері, бұған дейін жаппай тәртіпсіздіктер кезінде күш құрылымдарының 18 қызметкері қаза тауып, Ұлттық ұлан мен ішкі істер органдарының 748 қызметкері зардап шеккені хабарланған еді.