НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. Қызылордада 27 террорист ұсталды. Олар Қазақстан азаматтары, деп хабарлады "Хабар 24".
Барлығы өңірде 225 адамды ұстаған. 50 қылмыстық іс қозғалды. Төтенше жағдай режимін бұзудің 9 фактісі тіркелді.
Антитеррористік операцияның жалғасып жатқанына қарамастан өңір біртіндеп қалыпты өмірге оралып жатыр.
6 қаңтарда Қызылорда облысы аумағында террористік қауіптің қызыл шекті деңгейі енгізілуіне байланысты терроризмге қарсы операция басталды.
Бұған дейін президенттің жарлығымен Қызылорда облысында төтенше жағдай режимі енгізілген болатын.
Тәртіпсіздіктер кезінде әкімдік, Nur Otan партиясының филиалы мен соттың ғимаратына зақым келген.
168 адам жарақат алып, 77 адам ауруханаға жеткізілді.