Қоғам

Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті

Өткен тәулікте елордада 1300-ден астам адамның індетті жұқтырғаны анықталды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырған 1945 науқас тіркелді, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстанда пандемия басталғалы бері барлығы 995 351 адам COVID-19 жұқтырған.
Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі жаңа штамм – омикронның таралуына байланысты елде коронавирусқа қатысты жағдай нашарлағанын хабарлаған болатын.