НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеме жасады.
"Мемлекет басшысының соңғы шешімдері мен үндеулерін блогосферада түрліше түсіндіріп жатқандықтан мынаны айтуды қажет деп санаймын: Қасым-Жомарт Тоқаев – мемлекеттің ең жоғары лауазымды тұлғасы, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы. Сол себепті ол өз бетінше шешім қабылдайды. Бандиттер конституциялық құрылысқа нұқсан келтіру мақсатында Қазақстанға шабуыл жасаған қасіретті күндер де солай болды. Дәстүр бойынша ол отандастарына барлық үндеуін кеңесшілердің қолдауына жүгінбей, өзі жазды", - деді ол.