Өңірлер

Ақтауда сауда орталықтары ашылды – фото

Дүкендерде картамен төлеуге болады, бірақ интернет әлі де дұрыс жұмыс істемейді
Sputnik
АҚТАУ, 9 қаңтар – Sputnik. Қалада "Мечта", "Порт Ақтау" және тағы басқа ойын-сауық орталықтары ашыла бастады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі. Сонымен қатар оларда супермаркеттер ғана емес, киім-кешек және өндірістік тауарлар дүкендері де жұмыс істеп тұр.
"Ақтау" ойын-сауық орталығы ертең ашылады.
Дүкендерде картамен төлеуге болады, бірақ интернет әлі де дұрыс жұмыс істемейді.
 
Ақтаудағы Ынтымақ алаңы, 9 қаңтар
Күні кеше наразылық білдірушілер тұрған Ақтаудағы "Ынтымақ" алаңында бүгін балалар мен олардың ата-аналары серуендеп жүр. Алаңды үш әскери адам ғана күзетіп тұр, арнайы техника жоқ.
Ақтауда наразылық білдірушілер жауып тастаған көше бос тұр
Интернет бір қосылып, бір үзіледі – қала телефоны қосылған, көпшілігінде ұялы байланыс жоқ.
 
 
Ақтаудағы Ынтымақ алаңы, 9 қаңтар
 
Естеріңізге сала кетейік, 8 қаңтар күні сағат 15.00 шамасында Ақтауда наразылық білдірушілер киіз үйлерді бұзып, тараған  болатын.