НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. Алматыдағы лаңкестікке қарсы операция жаңа деңгейге өтті, деп хабарлады Қазақстанның ішкі істер министрлігі.
Қазіргі таңда содырлардың қаладан қашып кетуіне жол бермеу үшін барлық 13 блок бекетте бөлімшелер кезекшілік етуде.
Бұған дейін террористер әскерилер мен полицейлердің формасын тартып алып, киіп алғандықтан, қауіпсіздік күштері арнайы айырым белгілерін қолданып жатыр, деп хабарлады Хабар 24.
Кетіп бара жатқандардың көліктері мен құжаттары тексеріліп, күдіктілердің барлығы ұсталып, штабқа жеткізілуде.
Бұған дейін Алматыда ұсталған лаңкестер мен тәркіленген қарулар жайлы видео тараған еді, оны Coronavirus2020 Telegram арнасы жариялады.
Тәртіп сақшылары қылмыскерлерден автомат, тапанша, шолақ мылтық, алкогольді ішімдіктер мен шетелдік төлқұжаттарды тәркілеген.