Өңірлер

Қостанай облысында 650-ден астам адам ұсталды

Тиісті тергеу шараларынан кейін олар қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Қостанай облысында тәртіпсіздікке қатысқан 650 адам ұсталды, деп хабарлады облыстың коменданты Қайрат Дүйсембеков.
"Олардың 220-сына қатысты әкімшілік сот жүріп жатыр. Ұсталғандардың барлығы 5-15 тәулікке қамауға алынып, әкімшілік жазаға тартылады", - деп хабарлады Coronavirus2020 телеграм-каналы.
Сонымен қатар Қылмыстық кодекстің 269 бабы "Ғимараттарға басып кіру мен оларға шабуылдау" бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті тергеу шараларынан кейін олар қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.
Бұл қылмыс үшін мүлкін тәркілей отырып, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.