Қоғам

Қазақстанда 10 қаңтар ұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Елімізде 10 қаңтар ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған қайғылы оқиғалардың салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты биылғы 10 қаңтарды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялау жөнінде шешім қабылдады", - деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.