НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар - Sputnik. Елдегі наразылықтар мен тәртіпсіздіктер аясында қазақстандық миллиардерлердің қалтасы 3 миллиард долларға жұқарды. Капиталы азайған бизнесмендер қатарында еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы мен күйеу баласы бар.
Қазақстандағы төрт миллиардердің капиталы елдегі наразылықтар мен тәртіпсіздіктер басталғаннан кейін 3 миллиард долларға азайды, деп есептеді америкалық Forbes.
Миллиардер Вячеслав Кимнің капиталы 4 қаңтармен салыстырғанда 1,4 миллиард долларға (5,7 миллиард доллардан 4,2 миллиард долларға дейін) төмендеді, деп жазды Forbes USA. Ким Kaspi.kz төлем және финтех-компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы.
Оның акциялары екі күнде 30%-ке арзандады. 4 қаңтардағы 188 миллиард доллардан 87,6 миллиард долларға дейін төмендеді. Ким 2021 жылы Kaspi.kz IPO-сынан соң Forbes миллиардерлер тізіміне енген болатын.
Kaspi.kz бас директоры Михаил Ломтадзенің жағдайы да 1,4 миллиард долларға төмендеді.
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Динара Құлыбаева мен оның күйеуі Тимур Құлыбаевтың жағдайы 4 қаңтармен салыстырғанда 200 миллион долларға қысқарды, деп хабарлады америкалық Forbes.
Ерлі-зайыпты әрқайсысы 3,1 миллиард доллар жоғалтқаны хабарланды. Динара мен Тимур Құлыбаевтар Қазақстанның ең ірі банкі — Халық банкі активтеріне ие. Наразылықтар аясында банк акцияларының құны 4-6 қаңтарда 25%-ке төмендеді. Ал сауда аптасының қорытындысы бойынша 16%-ке түсті.