НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. 8 қаңтарда Қазақстанның алты өңірінің банкоматтары жұмыс істей бастайды.
Ұлттық банктің мәліметінше, Ақтөбе, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары мен Шымкент, Ақтау, Түркістан қалаларындағы банкоматтарға инкассация жасалады.
Жағдай тұрақталғаннан кейін елдің өзге өңірлерінің тұрғындары да қолма-қол ақшаға қол жеткізе алады.
Естеріңізге сала кетейік, 6 қаңтарда антитеррористік операцияның өткізілуіне байланысты бір жұмыс күніне барлық қаржылық ұйым жұмысын тоқтатты.
Банкоматта ақшаның таусылуы мен тұрғындардың оны шешіп ала алмауы интернеттің жоқтығына және инкассация жасау қауіпсіз болмауына байланысты болды.