НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар - Sputnik. Желіде содырлар полиция ғимаратын жарып жібергені туралы жалған ақпарат тарап жатыр,
"Бандиттер Әуезов аудандық полиция басқармасының ғимаратын жарып жіберді деген ақпарат – жалған. Дүрбелең тудыру үшін осындай сыбыс таратады. Қала тұрғындарынан тек ресми ақпаратқа сенуді сұраймыз", - деді Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров.
Қалада терроризмге қарсы операция жалғасып жатыр.
Алматыда коменданттық сағат енгізілді (23.00 - 7.00). Бұл жайлы тұрғындарды сиреналар хабардар етеді.
Тоқтамай тұрған тәртіпсіздіктерге байланысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел аумағында төтенше жағдай режимін жариялаған болатын. Мемлекет басшысы бұған ұйымдастырылған және дайындалған террористік топтардың қатысы бар екенін мәлімдеді.