НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар - Sputnik. Алматы әуежайы қашан ашылатыны белгісіз, деп хабарлайды "Хабар 24" мемлекеттік телеарнасы әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін әуежай қызметі 10 қаңтарда жанданатыны айтылған болатын.
6 қаңтарда Алматыда содырлар әуежай мен бес ұшақты басып алды. Сол күні терроризмге қарсы операция барысында әуежай босатылды.
7 қаңтарда ҰҚШҰ бітімгершілік күші Қазақстанның құқық қорғау органдарымен бірлесіп Алматы әуежайын толықтай бақылауға алғаны хабарланды.