НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі елдегі тәртіпсіздік кезінде қанша қызметкердің жарақат алғаны туралы хабарлады.
Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, өрт сөндірушілерге жасалған 33 шабуыл оқиғасы тіркелді. Тәртіп бұзушылар өрт сөндірушілерге тас лақтырып, оқ атты және жолдарды автокөліктермен бөгеді.
"Төтенше жағдайлар министрлігінің 10 қызметкері әртүрлі жарақат . Алматы қаласында сегіз қызметкер, ал Ақтөбе облысында екі қызметкер жарақат алды. Шабуыл салдарынан 29 өрт техникасы қирады, оның ішінде 5 өрт автоцистернаны тәртіп бұзушылар толығымен өртеп жіберді", - делінген хабарламада.
Бұзақылыр тарапынын туындаған қауіпке қарамастан, мемлекеттік өртке қарсы қызмет 81 өртті сөндіріп, 143 адамды құтқарып қауіпсіз жерге көшірді.