НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөккев облыс жұртшылығына алғыс білдірді.
"Түркістан облысының тұрғындарына алғыс білдіргім келеді. Осындай қиын-қыстау заманда сабырлық танытып, лаңкестердің сөзіне ермей, қасындағы азаматтардың бәріне дұрыс үгіт-насихат жүргізіп, тыныштық сақтап қалған бірден-бір облыс Түркістан болып тұр. Қауіп әлі де сейілген жоқ. Полицияға, комендатураға көмектесуіміз керек. Шектеулерге түсіністікпен қарауға тиіспіз", - деді Шөкеев мемлекеттік арна эфирінде.
Ол елдегі жағдай бірнеше күнде қалпына келетініне үміттенетінін айтты.