Денсаулық

Төтенше жағдай кезінде ауруханалар қалай жұмыс істейді

Алматыда жедел жәрдем қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі елдегі медициналық мекемелердің төтенше жағдай кезінде қалай жұмыс істейтінін хабарлады.
Министрлік мәліметінше, барлық медициналық мекемелер штаттық режимде жұмыс істейді. Жұмыс кестесі 8.00-20.00-ге дейін.
Демалыс кезінде поликлиникалар мен ауруханаларда кезекшілік режимі енгізілген.
Алматы қаласынан басқа барлық өңірлерде жоспарлы медициналық көмек іске асырылуда.
Алматыда жедел жәрдем қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі ескерілген.