Саясат

Террористік шабуылдардың ошағы сақталып отыр - Тоқаев

Мемлекет басшысы елде жағдай тұрақталып келе жатқанын, бірақ террористік шабуылдардың ошағы сақталғанын айтты
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің мемлекет басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.
Мемлекет басшысы ресейлік әріптесімен телефон арқылы байланысқан кезде республика аумағында террористік шабуылдардың ошағы сақталғанын, олармен шешуші күрес жалғасатынын айтты.
"Терроризмге қарсы күрес барынша табанды түрде жалғасатын болады",- делінген Ақорда сайтындағы хабарламада.
Сонымен қатар президент жуық арада ҰҚШҰ-ның саммитін онлайн-форматта өткізуді ұсынды.