Қоғам

Елбасының баспасөз хатшысы оның қайда екенін айтты

Елбасы қазақстандықтарды президентке еліміздің тұтастығын сақтауда қолдау көрсетуге шақырды, деді баспасөз хатшысы
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Елбасы Нұр-Сұлтан қаласында, деп хабарлады тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.
"Шындыққа жанаспайтын ақпарат таратпауды сұраймыз. Елбасы президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірнеше кеңес беру кездесуін өткізіп, тікелей байланыста", - деп жазды ол twitter-де.
Баспасөз хатшысының айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев достас мемлекет басшыларының бірқатарымен телефон арқылы сөйлесті. 
"Елбасы қазақстандықтарды президентке еліміздің тұтастығын сақтауда қолдау көрсетуге шақырды", - деді Үкібай.