Елорда тынысы

Елордада төтенше жағдай режимін бұзған 22 адам жауапкершілікке тартылды

Қала маңында блок-бекеттер орнатылған. Елордаға кіруге, сондай-ақ одан шығуға шектеу қойылған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Нұр-Сұлтанда қаласында төтенше жағдай режимін бұзған 22 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тәртіп сақшылары сағат 23:00-ден 7:00-ге дейін коменданттық сағат екенін еске салады. Яғни, бұл уақытта қала бойынша жүруге тыйым салынған.
Қала маңында блок-бекеттер орнатылған. Елордаға кіруге, сондай-ақ одан шығуға шектеу қойылған. Қала тұрғындары блок бекеттер арқылы тек күндіз ғана өте алады.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері азаматтардың құжаттарын, сондай-ақ көліктерді тексереді. Полицияның мәліметінше, елордада жағдай тұрақты.