Қоғам

Елдегі тәртіпсіздік салдарын жоюға еріктілер көмектеседі

Бұл мақсатта еріктілердің бірыңғай үйлестіру орталығы құрылды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Елдегі тәртіпсіздік салдарын жоюға еріктілер тартылатын болды, деп хабарлады Хабар 24.
Еріктілер мен белсенділер елдің бірнеше өңірінде болған тәртіпсіздік салдарын жоюға қол ұшын созады.
Олар сонымен қатар мұқтаждарға гуманитарлық және психологиялық көмек те көрсететін болады. Еріктілер өз жұмысына елдегі жағдай тұрақталған соң кіріседі.
Бұл мақсатта еріктілердің бірыңғай үйлестіру орталығы құрылды.