Өңірлер

Ақтауда кешке қарай Ынтымақ алаңындағы наразылар саны күрт азайды

Ақтауда жұрт әлі не істерін білмей жатыр: шеруге шыққандар біресе алаңда киіз үй тігеді, біресе бұзады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Белсенділер дауыс зорайтқыш арқылы алаңға қайта оралуды талап еткенімен, өтіп бара жатқандар оларды тыңдамады, дейді оқиға куәгері, танымал фотограф Азамат Сәрсенбаев.
Наразылық басталған Ақтауда жұрт әлі не істерін білмей жатыр: шеруге шыққандар біресе алаңда киіз үй тігеді, біресе жинап тастайды, біресе жолдарды жауып, біресе ашады. Өткен таңертең халық белсенділердің сөзін тыңдау үшін алаңға ағылды.
Дәл осы уақытта қалада наразыларға қарсы наразылық өршіді: адамдар жолдың жабылып қалғанына байланысты туыстарына бара алмай отырғанына қапалы. Олар шерушілерден өз талаптарын басқа жерде қоюды талап етіп, газ бағасын 50 теңгеге дейін түсірген болса, тағы не керек екенін түсінбей дал болды.