Оқиға

Алматыда оқушы оқ тиіп қаза болды - бала құқықтары жөніндегі уәкіл

Әке-шешесімен серуендеп жүрген 11 жастағы бала көз жұмған, тағы бір 15 жастағы жасөспірім ауыр хәлде ауруханада жатыр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде бір бала оқ тиіп қаза болды. Бұл туралы Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Сайын хабарлады.
"Ерлі-зайыпты балаларымен серуендеп жүрген. Оқ атылып, 11 жастағы балаға тиген", - деді Сайын.
Тағы бір қайғылы оқиға 7 қаңтарда болды. Алматыдағы балалар ауруханаларының біріне ауыр жараланған 15 жастағы жасөспірім жеткізілді. Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр. Баланың әкесі де ауруханада.
"Жасөспірім әкесімен бірге көлікпен келе жатқанда оларды содырлар атқылаған. Ата-аналар мен барлық адамға айтарым – балаларды, өздеріңді сақтаңдар. Үйде болыңыздар! Терезеге жақындамаңыздар! Балаларды жалғыз қалдырмаңыздар", - деді Сайын.