НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Ақтауда митингке қатысушылар киіз үйлерді алып тастап жатыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ынтымақ алаңында наразылық білдірушілер құрылған киіз үйді қайта бұзып, тарай тастады.
Сахна ретінде қолданылған жүк көлігі де алаңнан шығарылды. Алаңда 50-60 адам қалды. Олардың үшеуі ғана соңына дейін тұруға үндеді.
Ақтауда интернет жұмысы қалпына келтірілді.
7 қаңтарда кешке белсенділер дауыс зорайтқыш арқылы алаңға қайта оралуды талап еткенімен, өтіп бара жатқандар оларды тыңдамады, деді оқиға куәгері, танымал фотограф Азамат Сәрсенбаев.