НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Ақтауда бір аптадан бері тоқтап тұрған қоғамдық көлік жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сонымен қатар қалалық әуежайды ашу жоспарланған. Әуежайға баратын жол да бірнеше күннен бері жабық болатын.
Бүгін таңертең Ынтымақ алаңында небары жиырма адам жиналды. Олар түннен қалған адамдар болуы керек. Алайда алаңға біртіндеп адамдар жиналып жатыр. Басым бөлігі ерлер. Алаңда әлі де киіз үй мен бір микроавтобус тұр.
Алаң жан-жақтан партульдік полиция көлігімен қоршағалған.
Қалада мобильдік интернет сөндірулі.