Қоғам

Қазақстанға келетін ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің саны 2,5 мыңға жуықтайды

Бірақ қажет болған жағдайда бітімгершілік күштерінің санын көбейтуі мүмкін
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Қазақстанға келетін ҰҚШҰ-ның ұжымдық бітімгершілік күштері шамамен 2,5 мың адам болады.
"Ұйымның мақсаты – Қазақстанға көмектесу, басқа болжамдар – бос сөз", - деді бас хатшы.
Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға төнген лаңкестік қауіпке байланысты ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінен көмек сұрағанын мәлімдеген болатын.