Экономика

Елде мұнай мен газ өндірісі тоқтаған жоқ

Тек Теңіз кен орнындағы өндіріс көлемі төмендеген. Ол транспорттық шектеуге байланысты
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Елімізде мұнай мен газ өндіру тоқтатаған жоқ. Бұл туралы энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.
Үш мұнай өңдеу зауыты штатты режимде жұмыс істеп тұр
Оның айтуынша, тек Теңіз кен орнындағы өндіріс көлемі төмендеген. Ол транспорттық шектеуге байланысты, деп түсіндірді ведомство басшысы.
Кей өңірлерде жанармай құю бекеттерінде қауіпсіздікті сақтауға орай және интернеттің жоқтығынан сұйылтылған газдың сатылуында уақытша шектеу байқалады. 
"Бүгінде бензин және дизель отыны қоры 20 күндік қажеттілікті жабу үшін жеткілікті", - деді Мырзағалиев.