НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. 7 қаңтарда Алматы әуежайы түске дейін істемейді, деп хабарлады "Хабар 24".
6 қаңтарда Алматы әуежайы терроризмге қарсы операция барысында босатылған болатын.
"Әуежай босатылды. Штаттық жұмыс режиміне ауыстырылып жатыр", - деді қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда террорист-ойрандаушылармен күрес жүріп жатыр. Бұған дейін ІІМ азаматтарды көшеге шықпауға шақырған болатын.
Алматыда сағат 23.00-ден 7.00-ге дейін коменданттық сағат енгізілген.