НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. ҰҚШҰ бітімгершілік күші Қазақстанның құқық қорғау органдарымен бірлесіп Алматы әуежайын толықтай бақылауға алды.
Олар сонымен қатар Алматыдағы Ресей федарациясының бас консулдығы мен өзге де маңызды нысандарды қорғауға алды, деп хабарлады Ресей Федерациясының қорғаныс министрілігі.
"ҰҚШҰ бітімгершілік күші Қазақстанның құқық қорғау органдарына тәртіп орнатуға көмектеседі", - деп хабарлады Ресей қорғаныс министрлігінің генерал-майоры Игорь Конашенков.
Естеріңізге сала кетейік, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешіміне сәйкес, жағдайды тұрақтандыру және қалыпқа келтіру үшін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының ұжымдық бітімгершілік күштері Қазақстанға шектеулі мерзімге жіберілді.
Олардың құрамында Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан қарулы күштерінің бөлімшелері енді.