Қоғам

Кейбір өңірлердегі банкоматтарға қолма-қол ақша жеткізілді

Бұған дейін екі банктің мобильдік қосымшасының жұмысы қалпына келтірілген болатын
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Екінші деңгейлі банктер кейбір өңірлердегі банкоматтарды қолма-қол ақшамен қамтамасыз етті, деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық банкі.
"Мемлекет басшысының қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында екінші деңгейлі банктер жағдай тұрақталған кейбір өңірлердегі банкоматтарды қолма-қол ақшамен жеткілікті көлемде қамтамасыз етті", - делінген хабарламада.   
Бұған дейін Halyk Bank пен Kaspi.kz мобильдік қосымшасының жұмысы қалпына келтірілген болатын. Қосымшалар интернетсіз де жұмыс істейді. Тұрғындар осы екі банктің мобильдік қосымшасы арқылы бұрыңғыдай төлем мен аударым жасау операцияларын жүргізе алады.
Оқи отырыңыз: Halyk Bank пен Kaspi.kz қосымшалары интернетсіз жұмыс істей бастады