НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Елде зейнетақы мен жәрдемақы толық және уақытылы төленіп жатыр, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы Серік Шәпкенов.
Оның айтуынша, қазірдің өзінде алушылардың есепшотына 174 млрд теңге аударылды.
"Интернеттің сөндірілуіне байланысты банк жүйелері өз жұмысын тоқтатқан болатын. Бұл жәрдемақы мен зейнатақыалатын азаматтарға қиындық туғызды. Елде төтенше жағдай жариялануына байлынысты азаматтардан мәселеге түсіністікпен қарап, сабырлық сақтауды өтінемін", - деді ол.
Оның айтуынша, банктердің қызметі уақытша тоқтатылды, жақын арада бұл жүйелердің барлығы қалыпты жұмыс істейді.