НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Turkish Airlines Қазақстанға ұшатын барлық жолаушылар рейсін 9 қаңтарға дейін тоқатты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Түрік әуе компаниясының ұшақтары Алматы, Нұр-Сұлтан, Түркістан мен Ақтау қалаларына қатынайды.
Айта кетері, бұған дейін ресейлік Аэрофлот "Шереметьево" әуежайынан Қазақстанның үш қаласына ұшатын кешкі рейстерді тоқтатқан болатын. Олар: "Мәскеу-Алматы", "Мәскеу-Нұр-Сұлтан" және "Мәскеу-Ақтау".
Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге ұшатын таңғы рейстер де кейінге шегерілген.
Бұған дейін 5 қаңтарда Қазақстанда басталған наразылық акцияларына байланысты Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында қатынайтын ұшақтар ұшпай қалған.