НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның екі сарбазы қаза болды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
2002 жылы туған Мадияр Қайсаров 5 қаңтарда Қызылордада ауыр жараланды.
Осы күні 19 жастағы Айбат Аманов көз жұмды, ол Талдықорғанда бұзақыларға қарсы тұрған.
"Екеуі де қауіпке қарамастан қызметтерін адал орындап, соңына дейін бұзақыларға қарсы тұрды. Мадияр Қайсаров пен Айбат Амановтың есімдері Ұлттық ұланның батырлар тізімінде мәнгі қалады", - деді ведомстводағылар.
Ұлттық ұланның хабарлауынша, тәртіпсіздікке қатысушылар қару мен тұтанатын қоспалар, арматура қолданған.
Ведомство мәліметінше, Алматы мен Шымкентте Ұлттық ұланның 216 әскери қызметшісі жарақат алды.
Олардың барлығы түрлі жарақатапен ауруханаға жеткізілді.
Келісімшарт бойынша жұмыс істейтін екі әскери қызметші оқ жарақатымен хирургия бөліміне жеткізілді. Бес әскерге шақырылған сарбаздың жағдайы ауыр. Жарақат алғандар арасында офицерлер де бар.