НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Маңғыстау облысының коменданты өңірдегі жолдарды жауып жатқандарға ескерту жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Барлық полиция қызметкері қаруланған және мемлекет басшысынан ескертусіз оқ атуға тікелей бұйрық алған. Жолдарды жауып жатқандардың барлығына үндеу тастаймын. Сіздердің әрекеттеріңіз заңсыз және өңірдің экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатына әсер етеді", - деді Маңғыстау облысының коменданты Жанарбек Бақтыбаев.
Ол облысқа азық-түлік пен тауарлар негізінен сырттан тасымалданатынын атап өтті.
"Жанар-жағармай жеткізу қиындады, баға көтеріле бастайды, халықтың әлеуметтік әл-ауқаты нашарлайды. Бұған жол бермеңіздер", - деп түйіндеді облыс коменданты.
Еске сала кетейік, кеше Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңір халқына бейнеүндеу жолдап, арандатушылыққа ермеуді сұрады.
Оқи отырыңыз: Ноғаев маңғыстаулықтардан арандатушылыққа ермеуді сұрады