Қаңтар оқиғасы

Алматыдағы операция: қаланы тазарту жұмыстары жалғасып жатыр

Алматыда қаланы тазарту жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Алматыны тазарту жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы.
7 қаңтар таңертең қаладағы жағдайды көріп келген Sputnik Қазақстан тілшісі бағдаршамдар қалыпты жұмыс істеп тұрғанын айтты. Оның хабарлауынша, өзі тұратын ауданда көшеде көліктер жүріп жатыр. Әлі ерте болғандықтан, дүкендер жабық.

Республика алаңындағы 7 қаңтар таңертеңгі жағдай

Алматыдағы антитеррористік операция

Кеше, 6 қаңтар түнге таман Республика алаңындағы жағдай тұрақты екені хабарланған болатын. Күш құрылымдары президенттің бұрынғы резиденциясын, қала әкімдігін, сондай-ақ Республика алаңын бұзақылардан босатты. Қалада антитеррористік операция жалғасып жатыр.
Ішкі істер органдары 3 мыңнан астам адамды ұстағаны белгілі болды.
Сондай-ақ жаппай тәртіпсіздіктер кезінде күш құрылымдарының 18 қызметкері қаза тапқан, Ұлттық ұлан мен ішкі істер органдарының 748 қызметкері зардап шекті.