НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Ұлттық банк банкоматтардың босап қалғанына қатысты түсініктеме берді.
Ұлттық банк төрғасының орынбасары Берік Шолпанқұлов 5 қаңтарда елдің қаржылық құрылымы штаттық режимде жұмыс істегенін айтты.
Нұр-Сұлтандағы банкомат алдындағы кезек.
© Sputnik / Абзал Калиев
6 қаңтарда антитеррористік операцияның өткізілуіне байланысты бір жұмыс күніне барлық қаржылық ұйым жұмысын тоқтатты.
"Ертең, 7 қаңтар, мерекелік күн және 8,9 қаңтар демалыс болғандықтан қаржылық құрылымдар бұл күндері жұмыс істемейді. Алайда интернет желісі қалпына келтірілгеннен кейін мобильдік қосымшадаға банктік операциялар жұмыс істейтін болады. Азаматтар аударымдар мен төлемдер жасай алады", - деді ол.
Ал банкоматта ақшаның таусылуы мен тұрғындардың оны шешіп ала алмауы интернеттің жоқтығына және инкассация жасау қауіпсіз болмауына байланысты екенін айтты.