НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі шетелдік азаматтарды елге кіргізу уақытша тоқтатылды деген ақпаратты жоққа шығарды.
"Ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп мәлімдеді Sputnik Қазақстанға сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Бұған дейін РИА Новости Қазақстанның Ташкенттегі елшілігіне сілтеме жасап Қазақстан шетелдіктерге елге кіруге тыйым салды деп хабарлаған болатын.