НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысының жарлығымен "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Нематұлы Келімбетов Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды.
"Қайрат Нематұлы Келімбетов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды", - делінген жарлық мәтінінде.
Енді бұл лауазымды Әсет Ерғалиев атқаратын болады. Бұған дейін ол ұлттық экономика министрі болған еді.
Еске сала кетері, Қазақстандағы наразылық акцияларынан соң президент үкімет отставкасын қабылдады.
Премьер-министрдің міндетін уақытша атқару Әлихан Смайыловқа жүктелді.