Қаңтар оқиғасы

Тәртіпсіздіктер салдарынан мыңнан астам адам зардап шекті

Қазақстанда тәртіпсіздіктер салдарынан 400-ге жуық адам ауруханаға түсті, 62 адам жансақтау бөлімінде жатыр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Жаппай тәртіпсіздік салдарынан Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде мыңнан астам адам зардап шекті, деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
"Қазірдің өзінде Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде 1 мыңнан астам адам тәртіпсіздіктер салдарынан зардап шекті. Олардың 400-ге жуығы ауруханаға түсті. 62 адам жансақтау бөлімінде жатыр", - деп хабарлады телеарна.
Сонымен қатар дәрігерлерге де шабуыл жасалғаны хабарланды. Қазіргі уақытта 10-нан астам медицина қызметкері жарақат алған.
Бұған дейін Қазақстанның ішкі істер министрлігі күш құрылымдарының 317 қызметкері жараланғанын, 8 қызметкер қаза тапқанын хабарлаған болатын.
Оқи отырыңыз: Тоқаев үкіметке бірқатар шұғыл тапсырма берді