Экономика

Тағы бірнеше банк төтенше жағдай кезеңінде өсімпұл қоспайтынын хабарлады

Олар – Еуразиялық банк, Forte Bank, ЦентрКредитБанк, Altyn Bank, Jusan bank
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда тағы бірнеше екінші деңгейлі банк уақытылы төленбеген кредит үшін өсімпұл мен айыппұл есептелмейтінін мәлімдеді.
Олар – Еуразиялық банк, Forte Bank, ЦентрКредитБанк, Altyn Bank, Jusan bank.
Еуразиялық банк 19 қаңтарға дейін белгіленген төтенше жағдай кезеңінде несиесін уақытылы төлемеген азаматтарға өсімпұл мен айыппұл есептелмейтінін хабарлады.
Сонымен қатар Altyn Bank 5 қаңтардан 19 қаңтар аралығында өсімпұл мен айыппұл қосылмайтынын айтты.
Forte мен Jusan bank-та өз клиенттеріне төтенше жағдай аралығында уақытылы төленбеген несие үшін айыппұл мен өсімпұл қоспайды.
Бұған дейін Отбасы, Халық және Kaspi банк елде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты уақытылы төленбеген кредит үшін өсімпұл мен айыппұл есептемейтінін хабарлаған.

Оқи отырыңыз: