Қаңтар оқиғасы

ҰҚШҰ Қазақстанға ұжымдық бітімгершілік күштерін жібереді

ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуіне жедел жауап берді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Жағдайды тұрақтандыру үшін Қазақстанға ҰҚШҰ бітімгерлері жіберіледі. ҰҚШҰ контингенті Қазақстанға шектеулі мерзімге әкелінеді, деп мәлімдеді Армения премьер-министрі, ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің қазіргі төрағасы Никол Пашинян.
ҰҚШҰ басшылары Қазақстанға ұжымдық бітімгершілік күштерін жіберу туралы шешім қабылдады, деп жазды Пашинян Facebook парақшасында.
"Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуіне байланысты және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен егемендігіне, атап айтқанда, сырттан араласудан туындаған қатерді ескере отырып, ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі Ұжымдық қауіпсіздік шартының 4-бабына сәйкес, осы елдегі жағдайды тұрақтандыру және қалыпқа келтіру мақсатында ҰҚШҰ ұжымдық бітімгершілік күштерін Қазақстан Республикасына шектеулі мерзімге жіберу туралы шешім қабылдады", - деп жазды кеңес төрағасы.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға төнген террористік қауіпке байланысты ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінен көмек сұрағанын айтты.
Оқи отырыңыз: "Барынша қатаң әрекет етемін!": Тоқаев тағы үндеу жолдады