Оқиға

Таразда Nur Otan партиясының филиалы толығымен жанып кеткен

Қазір Тараз қаласында жағдай тұрақты
Sputnik
ТАРАЗ, 6 қаңтар – Sputnik. Таразда Nur Otan партиясы филиалының ғимараты толығымен жанып кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақтан тілшісі.
Sputnik Қазақтан тілшісінің хабарлауынша, Таразда түнде орталық алаңға ереуілшілер жиналған. Оларды тарату үшін полиция көзден жас ағызатын газ пайдаланған.
Қазір қалада жағдай тұрақты. Орталық алаңдағы Nur Otan партиясы филиалының үш қабатты ғимараты толығымен жанып кеткен. Жанындағы басқа әкімшілік ғимараттар сау. Ал әрірек орналасқан жеті қабатты облыстық әкімдіктің сол жақ бөлігі өртенген. Жоғары қабаттары әлі де түтіндеп жатыр. Тұрақтағы оннан астам көліктің де түгі қалмаған. Осы маңда өрт сөндірушілер, полицейлер жүр. Аумақ қоршауға алынбаған. Тұрғындардың қозғалысына шектеу жоқ.
Қалада интернет істемейді, деп хабарлады Sputnik тілшісі.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірде енгізілген төтенше жағдай режимі аясында қалада барлығы қалыпты жұмыс істеп тұр.