НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Қазақстан астанасында тіршілікті қамтамасыз ету нысандары, соның ішінде сауда орталықтары штатты режимде жұмыс істеп жатыр.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің ақпаратынша, күшейтілген күзет режиміне қарамастан, қала тіршілігін қамтамасыз ету нысандарының жұмысы тоқтаған жоқ.
Әуежайдағы жағдай
© Sputnik / Абзал Калиев
Сауда ойын-сауық орталықтарынан "Керуен", Керуен сити, Азия-парк және Ханшатыр ашық тұр. Жұмыс уақыты 10:00-ден 21:00-ге дейін.
Қоғамдық көлік штатты режимде жұмыс істеп жатыр
© Sputnik / Абзал Калиев
Mega Silk Way, "Евразия" сауда үйі бүгін, 6 қаңтар жабық. Сондай-ақ екінші деңгейлі банктер бөлімшелерінің бір күнге жабылатыны хабарланды. "Қазақстанның Халық банкі" ғана 15:00-ге дейін істейді.
Бүгін елордалық полиция департаментінің басшысы, комендант Ержан Сәденов пен Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов мемлекеттік телеарналардан сөз сөйлейді деп жоспарланған.