Қаңтар оқиғасы

Қазақстанда қаза тапқан күш құрылымы қызметкерлерінің саны 18 адамға жетті

Алматы қаласында жаппай тәртіпсіздіктер кезінде күш құрылымдарының 18 қызметкері мерт болды.
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрлігі Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен және қаза тапқан құқыққорғаушылар туралы ақпарат таратты. 
"Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жолын кесу, азаматтардың қауіпсіздігін қорғау кезінде күш құрылымдарының 18 қызметкері қаза тапты", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Ұлттық ұлан мен ішкі істер органдарының 748 қызметкері зардап шекті.
Бұдан бөлек, қазіргі уақытта ішкі істер органдары 2298 адамды ұстады.