НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық оқушылардың қысқы демалысы 17 қаңтарға дейін ұзартылды.
Бұл туралы Sputnik Қазақстанға білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қысқы каникул кезінде мектеп мұғалімдері елді мекендегі жағдайға байланысты қашықтан немесе дәстүрлі форматта жұмыс істейді. Балабақшалар нақты елді мекендегі ахуалға байланысты ашылады.
Айта кетері, қазіргі таңда балабақшалардың басым бөлігі бүлдіршіндерді қабылдап жатыр.
Колледж бен жоғары оқу орындарының студенттері академиялық күнтізбеге байланысты каникулдан 24 қаңтарда шығады, деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметіндегілер.
Қазақстандық оқушылардың каникулы 10 қаңтарда аяқталуға тиіс еді.