Өңірлер

Алматы комендатурасы террористердің әскери институтты басып алынғанын жоққа шығарды

Алматы комендатурасының ақпарат орталығы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы құрлық әскерлері әскери институтын террористер басып алды деген ақпаратты жоққа шығарды
Sputnik
АЛМАТЫ, 6 қаңтар – Sputnik. Алматы комендатурасының ақпарат орталығы қалада террористер құрлық әскерлерінің әскери институтын басып алды деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтын лаңкестердің басып алуы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген ресми ақпаратта.
Бұған дейін Алматы әуежайы лаңкестерден босатылғаны хабарланды. Ол жерде арнайы операция жүргізілді.